Арман Исетов Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 05 шіл. 2025 10:30

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Арман Исетов 1975 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін 1998 жылы тәмамдаған . Үш тілді - қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген

Ол 1998 – 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.
  • 2003 - 2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің басқарма басшысы;
  • 2004 – 2008 жылдары - Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;
  • 2008 – 2009  жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақтық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы;
  • 2009 – 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары;
  •  
  • 2012-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;
  • 2018-2022 жылдары (Нью-Йорк, АҚШ) - Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары;
  • 2022 жылы - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі.

Бұған дейін Президент жарлығымен Арман Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылған болатын.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар