Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған кассациялық соттардың төрағалары мен судьяларын тағайындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 шілдеден бастап Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады.
Жаңа соттар елордада орналасқан. Бұған дейін кассациялық сатының функцияларын Жоғарғы сот жүзеге асырып келді.
Мемлекет басшысының жарлығымен:
- Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы - Смайылов Асқар Спартакұлы және 37 судья;
- Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы - Жұмағұлов Ақан Маратұлы және 20 судья;
- Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы - Нәжімиденов Берік Төлеутайұлы және 18 судья тағайындалды.
Сот әкімшілігі басшысының өкімімен кассациялық соттар департаментінің басшысы болып Ержан Қожахметов тағайындалды.