Қытай сауда министрлігі бүгін, яғни 5 шілдеден бастап Еуропалық Одақ елдерінен жеткізілетін брендиге (алкогольді өнімдеріне) қатысты импорттық баж салығын бес жылға арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл,Hennessy,Remy Martin және Martell сияқты ірі француз өндірушілері өнімдерін қамтиды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
DW басылымының мәліметінше, демпингке қарсы тергеу нәтижелері бойынша Hennessy өнімдері үшін баж 34,9%, Remy Martin үшін 34,3%, ал Martell үшін 27,7% құрайды.
Сонымен қатар, өндірушілердің бір бөлігі, соның ішінде Pernod Ricard және Remy Cointreau, баға міндеттемелері орындалған жағдайда уақытша жеңілдіктерге ие болатыны да нақтыланады.
Француз компаниялары үшін Қытай нарығы стратегиялық маңызға ие, мәселен коньяк экспортының көлемі 25%-ды құрайды.
Бейжіңнің бұл ЕО-да қытайлық электромобильдерге қосымша баж салығын енгізу мәселесінің талқысына байланысты қабылдаған шешімі көрінеді.