Бүгін 730 ауылдың әкімі сайланады

Dalanews 25 шіл. 2021 03:34 218

2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу туралы Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тапсырма берілген болатын. Міне. Осы тапсырмаға орай бүгін елімізде алғаш рет әкімдер сайлауы өтеді.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша осы 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар. Сайлау туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің арқасында ауыл әкімдерінің сайлауына түскісі келетін үміткерге өз-өзін ұсыну мүмкіндігі берілген болатын. Осы мүмкіндікті бұл жолғы сайлауда 1419 адам пайдаланып отыр.

878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған.

Ер үміткерлердің саны –1839. Солармен бірге 458 әйел үміткер бағын сынағалы отыр.

Дауыс беру процесінің әділ өтуін «Партиялық емес бақылаушылар орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі қадағалайтын болады.

Бүгінгі сайлау 14 облыс бойынша 1847 сайлау учаскесінде өтеді.

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын «Егемен Қазақстан» телеграм каналынан оқыңыз

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz:

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x