Көк байрағымыз ел азаматтарының отаншылдық сезімін оятты

Dalanews 23 қаз. 2020 14:47 494

Бүгін ел азаматтары әлеуметтік желіде көк байрағымызды ұлықтап, кермет акция ұйымдастырды. Осындай жанды, жүректен жүрекке тез жететін шаралар көпшілік арасындағы отаншылдық сезімді дамыта түсетіні белгілі. Шараға елімізге танамал азаматтардан бастап, қарапайым азаматтар бір кісідей атсалысқанын айта кетуіміз керек.  

«Мен туымды мақтан етемін» деген ұран шеңберінде өткен акцияға Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Жанар Айжанов, Ержан Максим, Елдос Сметов, Әлия Юсупова, Болат Айханов, Жеңіс Сейдулла сынды елге танамал азаматтар қатысып, жастарға үлгі-өнеге көрсетті.

Өз кезегенде шараға қатысқан азаматтар мемлекеттік туды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін жарыса жазып, ойларын ортаға салды.

«Мен туымды мақтан етемін» деп аталатын шара отандастарымыздың бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтай алатынын көрсетті.

– Көк байрағымыз миллиондаған ел азаматтарының басын біріктіріп, жүрек түкіпіріндегі отаншылық сезімін оятқанын көргенде бойымды қуаныш сезімі биледі. Осылайша біздер бір ауыздан Отанға деген сүйіспеншілігімізді паш еттік. Ұлтымызды ұйымдастырып, бірлігімізді сақтап тұрған Көк байрағамыз әрқашан биік желбіреп, еліміздің мерейі үстем етсін! – деп белгілі әнші Жеңіс Сейдулла ойын ортаға салды.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x