Депутат ұсынысы: «Алпауыт компанияларға салынатын салықты көтеріп, несиелік рақымшылық жасау керек»

Dalanews 03 қар. 2020 03:51 250

Өткенде еліміздегі Комунистік халықтық партияның жетекшілерінің бір Айқын Қоңыров елімізде несиелік рақымшылық жасау және зейнет жасын көтеруге қатысты мәселе көтеріп, өз айтынқан еді. Алғашында халық та, билік те Қоңыровты бұл ұсынысы саяси популизмге балған-ды. Бірақ коммунистердің серкесі ойға алған ісін қалай жүзеге асыруға болатынын талдап көрсетіп беріпті.

Қоңыровтың бастамасын жүзеге асыру үшін қыруар қаржат керек екені айтпаса да түсінікті. Коронавирус әлемді дағдарыстың құрсауында ұстап тұрған қазіргі таңда мол қаржыны Үкімет қайдан табады?

Депутат Үкіметке қаржыны қайдан алуға болатынын соқырға таяқ ұстатқандай қылып көрсетіпті. Ол Үкіметтің халыққа несиелік рақымшылық жасауға қаржылық әлеуеті толық жететінін сенімді.

Бұл үшін Қоңырыов еліміздегі өте бай адамдар мен ірі компаниялар шетелге қыруар қаржы аударғанда оларға салынатын салықты көтеруді ұсыныпты. Сөз жоқ, бұл маңызды ұсыныс. Қазіргі таңда жыл сайын Қазақстаннан шетелге миллиардтаған қаржы шығарылатыны жасырын емес. Демек, оған тиісті деңгейде салық салынуы керек. Бұл өз кезегінде мемлекет қазынасының артуына септесетіні анық.


Бұдан басқа Қоңыров Қазақстанда қыруар табыс тауып отырған трансұлттық компанияларға салынатын салықты да көтеруді ұсыныпты. Бұл да көпетен бері айтылып жүрген маңызды мәселе. Бірақ Үкімет алпауыт компанияларға азуын көрсете алмай жүргені жанымызға батады.



Сонымен қатар депутат мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер армиясын қысқарты, оларға жұмсалатын қажетсіз шығындарды қысқартуды ұсыныпты. Бұл да ақылға қонымды бастама. Бүгінде бірқатар мемқызметкер қымбат көлік мініп, қымбат жиһаздар алуды сәнге айналдырғаны жасырын емес. Егер осы шығындарды пышақ кескендей қысқартсақ, бюджеттің бүйірі кәдімгідей шығып қалар еді. Сондықтан Қоңыровтың бұл бастамасы орынды деп есептейміз.

Өз кезегінде Айқын Қоңыров еліміздегі квазимемлекеттік мекемелердің табысының 50 пайызын бюджетке бағыттау мәселесін көтеріпті. Қазіргі таңда Ұлттық компания деп әсепттеп жүрген компаниялар ұлтқа шынымен жаны ашыса, Қоңыров айтқан ұсынысты құп алуы керек. Олар қазыналы қазақ жерінің байлығын сыртқа сатып, табыс тапқандарына мәз. Олар табысының 50 пайызын мемлекет қазынасына қайтаратын кез келді.  


Бұл Айқын Қоңыровтың бастамалары. Алдағы уақытта депутат өзінің партиялас әріптестерінің тізе қосып, өзі ұсынған төрт бастаманың ең болмағнада біреуін жүзеге асыруға күш салуы керек. Халық бұл ұсыныстардың бос әңгіме болып қалмағанын қалайды.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x