Министрлік хабарлағандай "Әліппе" оқу бағдарламасын білікті тілтанушы мамандар мен тәжірибелі педагогтер әзірлеген.
Сонымен қатар бұл жұмысқа үлкен тәжірибесі бар бұрнағы жылдардағы "Әліппе" бағдарламасы мен оқулықтарының авторлары да атсалысқан.
Ең бастысы –
Оқу бағдарламасын әзірлеуде қазақ халқының белгілі ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізге алынған.
"Әліппе" оқу бағдарламасының негізгі мақсаты – 1-ші сынып оқушыларын оқу мен жазуға үйрету, ауызша және де жазбаша сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Оқу бағдарламасында әріптер мен дыбыстардың реті, буындағы дыбыстар мен әріптерді қолдану жиілігі, балалардың жас ерекшеліктері ескерілген.
Сүзгіден өткен оқулықтар 2021-2022 жаңа оқу жылында оқу процесіне енетін болады.
"Жұмыс тобындағы мамандармен бірлесіп 20-ға жуық отырыс өткіздік. Мұның әр кезеңін министр Аймағамбетов жіті қадағалап отырды. Осылайша "Әліппе" оқу бағдарламасы бекітілді. Алайда бұл алғашқы сатысы ғана.
Оқулықтар әзір болғаннан кейін тағы қосымша сараптама жүргізіледі. Біз өз тарапымыздан апробация жүргізілетін білім орындарының тізімін жасадық. Жалпы барлық мектептерде жаңа оқу жылынан бастап 1-ші сынып оқушылары "Әліппені" оқитын болады", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.
Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап алғашқы екі тоқсанда "Букварь", ал үшінші және төртінші тоқсанда "Обучение грамоте" пәндерін оқиды.
"Букварь" оқулығын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы да өз жұмысын аяқтап, оқу бағдарламасы бекітілді. Енді бұл оқулық бойынша да апробация жүргізіледі.