Бейбіт шеруге қатысты жаңа заң жобасы халыққа қолайлығымен ерекшеленеді

Dalanews 21 сәу. 2020 08:44 281

Еуропалық құқық және адам құқығы институының директоры, белгілі құқықтанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Башиомов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ҚР Парламенті Сенатының қарауына келіп түскен «Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасына қатысты ойын білдірді.

Қоғамда қызу талқыланған «Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасын өз басым либералды және заманауи заң жобасы деп бағалаймын. Бүгінде аталмыш заң жобасы Сенат депутаттарының қарауына жіберілді. Мен бұл заң жобасына қатысты өз ойымды бірнеше рет білдірдім.

Біріншіден, жаңа заң жобасы адам құқын қорғау саласындағы халықаралық пактілермен толықтай сәйкесесді. Атап айтатын болсақ, БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар пактсіндегі 21 тармағымен толықтай үндесетінін айтқым келеді. Халықаралық құжатта халықтың қандайда бір саяси мәселе бойынша көпшіліктің қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, бейбіт жиындарға қатысып, өз ойларын ашық білдіру тайға таңба басқандай анық көрсетілген.


Жаңадан дайындалған «Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасында осы мәселелер толықтай көрініс тапқан.

Еліміздің Конститутциясының 32, 39 тармақтарында да жоғарда атап көрсетілген халықаралық заң нормасы қайталанады. Сол себепті Сенаттың қарауын келіп түскен жаңа заң еліміздің Атазаңымен де толықтай сәйкеседі. Бұдан басқа Еуропаның адам құқы мен еркіндігін қорғау конвенциясымен және ЕЫҚҰ басқару принциптерімен үйлеседі.

Халықаралық заң нормалармен салыстырып қарағанда Қазақстанның  «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасы посткеңестік елдердегі ең либералды заң жобасы болып тұр. Атап айтсақ, жаңа заң жобасында бейбіт жиынды ұйымдастырушылар 5 жұмыс күні бұрын жергілікті билік орындарына өтініш беруі көзделген.

Ресейде бейбіт шеруді ұймыдастырушылар 15 күн бұрын өтініш беруі тиіс. Ал іргедегі Қырғызстанда 12 күнтізбелік күн ішінде өтініш беру қарастырылса, Өзбекстанда шеру өткізу үшін 30 күн бұрын өтініш тапсыру қарастырылған.  


Тағыда атап айтсақ, Ресейдің митинг туралы заңында әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар бейбіт шерулерді ұйымдастырушысы бола алмайды. Бұдан басқа Ресейде полиция, қауіпсіздік қызметкерлері, әскерилер, көші-қон саласын мемлекеттік бақылаушылар және ұсақ бұзақылық жасағандар бейбіт шеруді ұйымдастыруға құқы жоқ. Ал біздің заң жобасында ондай шектеу жоқ.

Бізде көптеген адамдар бейбіт шерулерді саяси мәселелермен байланыстрады. Шындығында бейбіт шерудің ауқымы кең. Жаңа заңда осы мәселелер жіктеліп көрсетілген. Бейбіт шеруге шығуға экономикалық, әлеуметтік, мәдениет пен білім саласына қатысты дүниелерде себепші болуы мүмкін. Бұл мәселелер заң жобасында анық көрініс тапқан.

«Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасына бейбіт шеруде қаланың ортасындағы арнайы белгілеген орындарда өткізу қарастырылған. Заңда қала орталығындағы арнайы орындардың халыққа қолайлы болуына баса мән берілген. Мұндай орындар жұрттың инфрақұрылымды пайдаланып, санитарлық нормаларды сақтауына қолайлы болуы шарт. Сонымен қатар шерудің ұйымдастырушылардың қауіспіздігін сақтау ісіне де арнайы орындар қолайлы болуы заңда көзделген. Жаңа заңға енгізілген өзгерістер бойынша жергілікті әкімдіктер бейбіт шерулерді ұйымдастыратын арнайы орындарды өздерінің интернет ресурстарында жариялайды.

«Бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу туралы» Заң жобасындағы маңызды өзгеріс ретінде шеру кезінде журналистердің жұмысына кедергі келтіретін барлық дүниелердің алынып тасталынғанын атап айтуға болады. Жаңа заң қабылданғаннан кейін журналистер бейбіт шеруден еркін хабар тарата алатын болады.


Сөз соңында айтатын басты мәселе аталымыш заң жобасын дайындауға еліміздегі қоғамдық белсенділердің бәрі бір кісідей қатысті. Олардың қатарында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің белсенді мүшелері Ерлан Саиров, Мұхтар Тайжан, Асылбек Қожахметов, Мұрат Әбенов, Асхат Садырбай сынды азаматтардың болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x