ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ТОҚСАН ОНЛАЙН САБАҚПЕН БАСТАУ АЛДЫ

Dalanews 06 апр. 2020 06:00 865

Еліміздің орта білім оқу саласында бүгін басталған жаңа тоқсанның  ерекшелігі  сабақтардың онлайн және қашықтық режимінде өтуі. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп ұстаздары  Microsoft Team платформада алғашқы сабақтарын өткізді. Оқу үрдісі қашықтықта өткенімен, онлайн сыныптар ашылып, балаларға тақырыптар, тапсырмалар,оқу құралдары сапалы түрде берілді.








Ата-аналар, оқушылар берген кері байланыстарында Зияткерлік мектепте қашықтық оқытудың жақсы ұйымдастырылғаны, ұстаздардың барынша онлайн мүмкіндіктерін пайдаланып, бағдарламаны жеткізгендері туралы өз пікірлерін білдіріп жатыр.

- Осы оқу жылының 4-тоқсанын оқу үдерісінің ерекше түрі - қашықтан оқыту әдісімен бастап отырмыз. Бұл әдіс білім беру бағдарламасында көрсетілген кешенді, әрі тиімді оқу тәсілі болып табылады. Өркениетті елдердің бәрінде осы әдіспен оқу үлгісі орын алған. Енді міне, орта білім беретін оқу ордасында да осы керемет әдіс кеңінен қолданыла бастады. Әрине, бұл қуантарлық жағдай! Қазіргі уақытта әлемде болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты уақытша болса да енгізілген қашықтан оқу жүйесі оқушылар үшін де, ұстаздар мен оқытушылар қауымына да өте тиімді, әрі ыңғайлы болады деп ойлаймыз. Оны сәтті өткен жаңа тоқсанның бірінші күні көрсетіп үлгерді. Осы байланысқа қол жеткізген ен алдымен IT саласындағы қызметкерлер мен профессорлық-педагогикалық құрам оқытушыларына, сонымен қатар әр топпен тікелей байланыста отырған кураторлардың орасан зор атқарған істеріне, олардың жылдам, әрі жүйелі түрде жұмыс жасағандары үшін алғысымыз шексіз! Сіздерге тек қызметте өрлеу және сәттілік тілейміз! Шәкірттеріңіз әрқашан сіздер мен біздерді қуантып, биік белестерден көріне берсін! ,-  деп 11 В сынып оқушысы Гүлзат Зиятбекованың ата-анасы өз тілектерін білдірді.



  • Маған жаңа форматта өткен онлайн-сабақ өте ұнады. Өте жинақы түрде өтті. Тағы айта кету керек, презентациялар, тағы басқа қолданылған құжаттар файлдарда сақталады. Бұл өте ыңғайлы, сабақты қайталағанда жақсы көмек беретіні сөзсіз. Және сабақтың толық жазылымын керек уақытта ашып көре аласың,- деп 8 сынып оқушысы Нұрқасым Хафиз өзі үшін онлайн оқудың тиімділігін білдірді.


Орыс тілі мұғалімі Айгуль Амитова онлайн-сыныбында өткен сабағында  уақыт тиімді пайдаланғанын айта кетті. – Оқушылар алдын ала салынған құжаттар бойынша сабақ тақырыбын өздері таңдап, бейнебаянды көріп, топтар бойынша талқылап үлгерді. Зияткерлеріміз қашықтықтағы форматты бірден ала кеткенін айта кету керек.








Рекомендовать
Последние новости