Зерделі шағын ауданындағы 20 тұрғын үйдің іргетасы нығайтылды

Dalanews 30 нояб. 2021 16:55 1133

2014-2018 жылдары салынған Нұркент, Зерделі, Жас Қанат шағын аудандарында қала билігінің шұғыл араласуын талап ететін бірқатар проблемалар болды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев жоғарыда аталған шағын аудандардағы жағдай туралы айта келе, қазіргі уақытта Зерделі шағын ауданында тұрғын үйлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Нығайтуды қажет ететін 30 үйдің 20-ы аяқталды, қалған жұмыстар келесі жылға қалып отыр.

Сонымен қатар, Нұркенттегі үйлер тұрғындарының өтініші бойынша 18 тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың 16-ы бүгінгі күні аяқталды, 2 үй аяқталу сатысында, сондай-ақ аула аумақтарын абаттандыру аяқталуда.

Әлеуметтік объектілерді дамыту және салу шеңберінде аулаішілік кеңістікте жер учаскесі сатып алынады және 320 орынды балабақша салынады.

Жас Қанат шағын ауданындағы 30 аулада балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде.

Рекомендовать
Последние новости