«Заң және тәртіп»: Астанада әуесқойлар арасында кешкі жүгіру іс-шарасы өтті

Ақтоты Жапатова 28 июл. 2025 10:51

Елордада Winox фитнес клубының ұйымдастыруымен әуесқойлар арасындағы кешкі жүгіріс ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Кешкі уақытта өткізілген іс-шараның басты ерекшелігі - қатысушылар қолдарына арнайы жарқырайтын неон браслетімен жүгірді. Sana Sport кешенінің маңындағы спорттық жарыста ересектер 2,5 және 5 шақырым қашықтыққа жүгірсе, 7-16 жас аралығындағы балалар 500, 1000 метр қашықтықтықта жүлдеге таласты.

«Жүгірісіміз «Заң және тәртіп. «Астана - есірткісіз қала» тақырыбына арналды. Есірткіге қарсы күрес - ортақ міндетіміз. Ал спорт пен белсенді өмір салты - оның ең тиімді жолдарының бірі. Клуб өкілдері мұндай бастамаларды жиі ұйымдастырып, жастар мен ересектерді жарыстарға тартып келеді. Бүгін шарамыздың Sana Sport кешенінің маңында өткізілуі тегін емес. Себебі, бұл орын жақында қайта жаңғыртылды. Жасыл желекке толы, кең әрі заманауи спорт инфрақұрылымымен жабдықталған саябақта қатысушылар керемет эмоция алды деген сенімдеміз», - деді Winox фитнес клубының директоры Юлия Качелаева.

Жүгіріс спортты дәріптеп қана қоймай, қоғамның өзекті мәселелеріне назар аударудың да тиімді жолы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

5 шақырым. Ерлер

1-орын. Бағдат Әмен
2-орын. Дархан Халияров
3-орын. Бағдат Тапаев

5 шақырым. Әйелдер

1-орын. Диана Алиева
2-орын. Мөлдір Әкімова
3-орын. Динара Кулумбетова

2,5 шақырым. Ерлер

1-орын. Данияр Жакетов
2-орын. Дархан Сулуев
3-орын. Сұңғат Сағдолданов

2,5 шақырым. Әйелдер

1-орын. Майя Әбілова

Іс-шара соңында жарысқа жиналған 50-ге жуық әуесқой спортшы арнайы естелік медальдарға ие болды.


Рекомендовать
Последние новости