Ислам ынтымақтастығы ұйымының дипломаттары ҚазҰУ-да бас қосады

Dalanews 08 нояб. 2018 11:10 777

2018 жылдың 12-14 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбына арналған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттер дипломаттарының бағдарлық бағдарламасы өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар: ИЫҰ Бас хатшылығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Аталған шараға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстандағы шет елдік дипломатиялық корпустардың өкілдері және белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысады.



Шара терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау мен қоғамды радикализациялау, бірлескен стратегиялар және шараларды әзірлеу, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адам құқықтарын және заңның үстемдігін қамтамасыз ету салалары бойынша озық тәжірибемен алмасу жөніндегі диалог алаңына айналады.

Кездесуге қатысушылар ИЫҰ-ның терроризммен күрестегі ұстанған саясаты мен рөлі, осы бағыттағы жаңа үрдістері мен бағдарламалары жайлы толықтай таныса алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабын басқара отырып, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады, олардың бірі терроризмге қарсы күрес. Университет жаһандық әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адамзаттың орнықты дамуына бағытталған халықаралық ұйымдардың бастамаларына және бағдарламаларына баса назар аударады.

 

Өтетін орны және уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби атындағы кітапхана (4 этаж), ашылуы 12 қараша сағат 9.00-де.

Рекомендовать
Последние новости