«Индустрия 4.0»: Қазақстан жаңа экономикаға аяқ басады

Dalanews 28 нояб. 2017 08:08 798

Білетін боларсыздар, елімізде Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін енгізуде биылғы жылы бірқатар пилоттық жобалар жүзеге асырылған еді.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің атап өткеніндей, бұл кәсіпорындардың тек бәсекеге қабілеттіліктерінің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар, теңізге шығу мүмкіндігі жоқтықты, ішкі шағын нарықты, білікті маман тапшылығын шешуде Қазақстанға айтарлықтай мүмкіндік ашады.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Үкіметіндегі кеңейтілген отырысында ведомство басшысы осы мәселеге баса назар аударған-тұғын.

Өз кезегінде Елбасы халыққа арнаған Жолдауында өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу керектігін міндеттеген болатын.

Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша қазіргі күні министрлік өкілдері осы мақсатта әлемдік жетекші компаниялармен серіктесе жұмыс істеуде.

Ал биылғы жылдың аяғына дейін жаңа экономиканың элементтерін кешенді қолдануға әзір өңдеу секторы анықталатын болады.

Ілгеріде айтып өткенімізді аталған секторларда Индустрия 4.0 технологиясын енгізу жөніндегі пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатыр.  Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кәсіпорындар мен өнеркәсіп секторларында қолданылатын болады.

Төртінші индустрия элементтерін енгізу кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ғана емес, ол Қазақстанға теңізге тікелей шығар жолының жоқтығы, ішкі нарықтың тарлығы, білікті мамандардың тапшылығы сияқты факторларды жоюға мүмкіндік береді.

Жаңа индустрия құрудың басты мақсаты мен міндеті неде?

Экономист-сарапшылардың айтуынша, мұндағы басты бағыттардың бірі электромобильдер өндірісі мен қажетті инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады.  Ол үшін тиісті жол картасы әзірленіп, оны іске асыруды бастау қажет.

«Индустрии 4.0» концепциясын енгізуге Германия көмектеседі  

Қазіргі таңда түрлі әлемнің көптеген елдерінде «Индустрии 4.0» концепциясын енгізудің орташа және ұзақмерзімді бастамалары қабылданды: Германияда«Industrie 4.0»,  Францияда «Industrie du Futur», Оңтүстік Кореяда «Manufacturing innovation 3.0», Индияда «Make in India», Испанияда«Industria Conectada 4.0», Жапонияда «The New Robot Strategy», Италияда «Manifattura Italia» және т.б.

Еуразиялық Одақта «Factory of the future», АҚШ-та Advanced manufacturing partnership, Германияда Mittelstand 4.0 бағдарламалары қолданылады. Осылардың аясында өңдеу өнеркәсібі мен басқа да экономиканың салаларында технологияның жаңа даму перспективалары қолдау тауып, таныла бастады.

«КИРИ» АҚ  Fraunhofer (Германия) институтымен ҚР өңдеу секторын диагностикалық бөлімінде Индустрии 4.0 элементтерін енгізу дайындығы деңгейінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне сол элементтерді жылдам енгізудің жүйелік ұсынымын әзірлеуге де уағдаласты.

Fraunhofer – 67 институтты біріктіретін, өнеркәсіпті зерттейтін ірі еуропалық институт. Оның құрамында өнеркәсіпті автоматтандыру институты, жаңа материалдарды зерттеу институты, интелектуалдандырылған жүйе институты бар. Оларда 24 мың мың қызметкер еңбек етеді. Ол Германиядағы Индустрии 4.0 технологиясын дамыту жөніндегі негізгі үйлестірушілердің бірі.

Жаңа индустрияның міндеті мен мақсаты қалай насихатталуда?

Әзіргі күні елімізде «Индустрия 4.0» өнеркәсіптік дамудың жаңа сатысы жаппай талқылану үстінде. Айта кетсек, бұдан бұрын Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚИДИ» АҚ, «Казатомпром» АҚ, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ сияқты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Индустрия 4.0 және өнеркәсіптегі өлшемдер» атты семинар өткен болатын.

ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі ұйымдастырған шарада «Индустрия  4.0» атты әлемдегі өнеркәсіптік дамудың жаңа сатысы қаралған. Оның мәнісі, адам мен машина арасындағы ғана емес, сонымен қатар машиналардың өзара әрекеттестігі орын алатын, ал цифрлы шынайылық физикалық шынайылықты жүзеге асырып, толықтыратын өндірісті ұйымдастыру.

[caption id="attachment_32671" align="aligncenter" width="650"] Digital Factory: Internationale Leitmesse für integrierte Prozesse und IT-Lösungen, Industrie 4.0[/caption]

Семинарда Германияның Фраунхофер (Fraunhofer) атындағы өндірістік үдерістерді автоматтандыру жөніндегі жетекші институтының  сарапшысы Кристиан Тойч сөз сөйлеген. Ол қазақстандық мамандарға Индустрия 4.0 бағытын енгізу бойынша негізгі қағидалар мен тәсілдемелер туралы және Германияның тәжірибесі жайында айтып, бірқатар маңызды кеңестер берген еді.

Өз кезегінде Fraunhofer институтының тағы бір сарапшысы Эрик Тростман өзінің баяндамасында өнеркәсіпті цифрландыру үдерістеріндегі өлшемдердің маңызы, өлшеудің жаңа тәсілдері мен оларды іс жүзінде қолдану аспектілеріне қатысты мәселелерді тілге тиек еткен. Ол цифрлы технологияларды енгізуге орай аса сұранысқа ие оптикалық өлшемдер саласындағы соңғы зерттеулерден  мысалдар келтірген болатын.

Германия сарапшыларының қатысуымен өткен семинар, Қазақстанда жетекші өнеркәсіптік технологияларды енгізу үшін жағдай жасау және Индустрия 4.0 жобасына сәйкес өндірістің жаңа әдістеріне көшу мақсатындағы ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі жоспарлаған шаралардың қатарына кіреді.

Атап айтқанда, бұл отандық кәсіпорындарға осы технологияларды өндіріс тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін қажетті сынақ өткізу әдістерімен қамтамасыз ету және сәйкес нормативтік негізді (стандарттарды) әзірлеу арқылы жүзеге асады.

Тау-кен секторы индустрия 4.0 технологиясына көшуге дайын ба?

Ілгеріде айттық, «Индустрия 4.0» өнеркәсіптік дамудың жаңа сатысына көшугешетелдік жетекші институттардың мамандары көмектесетін болады.

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі хабарлап отыр.

Күні кеше осыған байланысты Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулер институты мен Швецияның тау-кен кластері мамандары және Nokia компаниясының сарапшылары Қазақстан өнеркәсібінің Индустрия 4.0 технологиясына өту дайындығы бойынша талдау жүргізді.

Шараның шымылдығын түрген Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың айтуынша, осы күнге дейін Индустрия 4.0-ге көшуге дайын өңдеу өнеркәсібі мен ТМК кәсіпорындарының 600-ден астамы зерттелген.

«Зерттеу нәтижелері бойынша отандық өнеркәсіпті автоматтандыру мен цифрландыру тұрғысынан айтарлықтай мүмкіндіктер бар екені анықталды. Өңдеу өнеркәсібінің шамамен 20 пайызы Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге қажетті технологиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық базаға ие.Тау-кен өнеркәсібінде жағдай әлдеқайда жақсы. Онда бұл көрсеткіш шамамен 40пайыз», – деді Алик Айдарбаев.

Бұл дегеніміз Қазақстанның тау-кен өндіру секторындағы кәсіпорындардың 40 пайызы индустрия 4.0 технологиясына көшуге дайын  деген сөз.

Жаңа технологияға көшуге не кедергі болуы мүмкін?

Осы шара барысында Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге кедергі болатын фаторлар да анықталғанын айта кеткен жөн.

Бұған цифрландырудың экономикалық артықшылықтарын түсінбеу, цифрландырудағы автоматтандырылған отандық әзірлемелердің және құзыреттіліктердің нашар дамуы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қаржылық ресурстардың шектеулілігі және инфрақұрылымдық шектеулер жатады.

Алдағы уақытта Индустрия 4.0 технологиясын енгізуді кеңінен таныту және бизнестке септесу үшін көрсетілім алаңына айналатын цифрлы фабрикалар құрылмақшы.

«Жыл соңына дейін пилоттық жобаны іске асыратын кәсіпорындар іріктеледі. Мұндағы іріктеу критерийлеріне өндірістің техникалық жағдайына ғана емес, кәсіпорынның өзі цифрлық технологияларды одан әрі енгізуге және кәсіптік дағдыларды дамыту дайындығы, кадрлардың біліктілігі де кіреді.

Әрбір таңдалған кәсіпорын үшін кешенді техникалық аудит өткізіледі. Бұл әр жағдайда цифрлау мүмкіндігін көрсетеді. Тиісінше, цифрландыру үшін тиісті жол карталары әзірленетін болады», – деді осы орайда Алик Айдарбаев.

Айта кетелік, аталған жобаны жүзеге асыру: отандық техникалық мамандардың құзыреттілігін арттырады және нақты жобаларды іске асыру тәжірибесіне практикалық кедергілерді анықтайтын болады.

 

Рекомендовать
Последние новости