Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды

Dalanews 01 дек. 2016 04:33 883






Әдебиет пен өнер саласында Мемлекеттік сыйлық лауреаттары анықталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иманғали Тасмағамбетов пен «Мәңгілік Ел» монументінің авторларына Мемлекеттік сыйлық тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» қаулысы Президенттің сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы «Мәңгілік Ел» монументі үшін авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға берілсін», — делінген құжатта.

Сонымен қатар, мемлекеттік сыйлық «Әй, дүние-ай» романы үшін жазушы Бексұлтан Нұржекеевке; «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін суретші Камиль Муллашевқа беріледі.

«Мәңгілік Ел» монументі Астанада 2011 жылы 16 желтоқсанда ашылған болатын. Оның биіктігі 20 метр, яғни, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының символы саналады.

 




Рекомендовать
Последние новости