Яна Легкодимованың өліміне қатысты айыпталушыларды өмір бойына соттау сұралды

Сағыныш Сардарова 13 нояб. 2025 15:38

Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот алдында екі айыпталушы отыр.

"Олар кісі өлтіргеннен кейін мәйітті және телефонын өзенге тастаған. Құқық қорғау органдарына марқұмның денесін анықтау үшін 8 ай уақыт қажет болды. Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс зорлық-зомбылық қолдану арқылы іздерді жасырумен, ерекше қоғамдық қауіптілікпен, сотталушылардың адам өлтіргеннен кейінгі суыққанды және адамгершілікке жат мінез-құлық әрекеттерімен сипатталады", - деді прокурорлар.

Осыған байланысты прокурор ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Еске салайық, бұған дейін істің мән-жайын жазған едік. Тергеу мәліметінше, Яна 2024 жылғы 18 қазанда үйінен танысының қоңырауынан кейін шығып кетіп, қайта оралмаған. Күдіктілер - 24 және 25 жастағы екі ер адам. Тергеу мәліметі бойынша олардың бірі қызды көлікте тұншықтырған, екіншісі есікті жауып тұрған. Кейін сүйекті Талдыкөл маңындағы Жайық өзеніне тастаған.

Марқұмның сүйегі сегіз айдан кейін, 2025 жылғы маусымда табылды.


Рекомендовать
Последние новости