Оралдағы дүкен ресейлік заңға сүйеніп тауарды қайтып алмай қойған

Көркем Алдабергенова 11 нояб. 2025 18:02

Орал тұрғыны дүкенді сотқа берді. Оған тауарды қайта алудан бас тартып, Ресей заңдарын алға тартқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласының тұрғыны Руслан Сатыбалдин «Детский мир» дүкенінің тұрақты клиенті. Ол дүкеннен балаларға арналған жөргектер сатып алып, үйіне келген соң тауардың өзіне жарамайтынын байқайды. Содан кейін қолдау қызметіне  «Өткен тапсырыспен бірге жөргектерді тым көп алып қойыппын, қалай қайтара аламын?» деп хабарлама жазады. 

Қолдау қызметі былай жауап берген:

«Руслан, күткеңізге рақмет. Бұл тауар сапалы тауарлар қатарына жатады және Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына сәйкес қайтаруға/алмастыруға жатпайды».

Қазақстандық азамат оператордың ресейлік құжатқа сілтеме жасағанына ашуланған.


Рекомендовать
Последние новости