Храпунов Алматыны басқарған кезінде шығарған шешімі жарамсыз болып қалды

Көркем Алдабергенова 18 мар. 2024 12:45 3274

Храпунов Алматыны басқарған кезінде шығарған шешімі жарамсыз болып қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылы 27 қазандағы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.


Рекомендовать
Последние новости