"Халық партиясы" нан өнімін шығаратын фабрика ұжымымен жолықты

Dalanews 08 мар. 2023 12:52 629

Жұмысшылармен кездесіп, алдағы саяси науқанның маңызын түсіндірді.

Ақтауда орналасқан 30 жылдық тарихы бар фабрикада қазірде 200-ден астам жұмысшы қызмет етеді. Осы ұжымның күшімен тәулігіне 15 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Партия өкілдері еңбек ұжымын тұғырнамамен таныстырып, мамандардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ штаб мүшелері мұнайшылар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері және қаладағы белсенді азаматтармен де кездесу ұйымдастырды.


«Өз жұмысымызды Жаңаөзен қаласынан бастадық. Шетпеде болдық. Ауыл шаруашылық ауданы Ақкентте болдық. Партияның бағдарламасымен таныстырдық. Ендігі жоспарымыз тағы да мұнайшылармен кездесу ұйымдастыру», – деді ҚХП мүшесі Алқажан Еділхан.

Рекомендовать
Последние новости