WhatsApp арқылы халықты алдағандар ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдікті елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін қылмыстық жоспар құрған.
Азаматтарды алдау үшін ол WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен бағамен жарнамалаған.
Осылайша, 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаржысын иемденіп, алаяқ ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын көрсетті.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының бастапқыдан тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді.
Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғындарға мессенджерлерде төмен бағамен тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін күмәнді мәмілелерден сақ болуды ескертеді.