ВТБ банк қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіретінін хабарлады

Dalanews 10 янв. 2022 06:08 712

Банк ВТБ (Қазақстан) қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады және де зардап шеккендердің кредитін есептен шығаратынын хабарлайды.

Сондай-ақ, банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар ТЖ кезеңінде заңды және жеке тұлғалардың кешіктірген төлемдері үшін айыппұл және өсімпұл салмайды.

Клиенттердің қаражаттары толық сақтаулы тұр.

ВТБ (Қазақстан) банкі Республика бойынша жағдай тұрақталып, Интернет желісі толық қосылғанына қарай республиканың барлық аймақтарында штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

ВТБ (Қазақстан) банкінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости