Вакцинацина салу кестесіне өзгерістер енгізілді

Dalanews 14 мая 2021 09:22 774

Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. «SPUTNIK V», QazVac және «Hayat Vax»  вакциналары 154874 адамға салынды. COVID-19 қарсы екпе егу пункттерінің қатары 43-ге көбейді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен.

Департамент мамандарының мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелген жоқ.

Вакцинациялау кезінде тұрғындар өндірушілер бойынша (QazVac, Hayat-Vax SARS-CoV-2 немесе Sputnik V) вакцинаны таңдауға мүмкіндігі бар.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, QazVac (QazCovid-in) вакцинасы 21 күндік интервалмен 0,5 мл-ден екі реттік дозамен салынады. Ал Hayat-Vax SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасы 2-4 апта интервалмен 0,5 мл-ден екі реттік дозамен егіледі.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)» екпесі бойынша вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді. Вакцинаның бірінші және екінші компоненттері арасындағы интервал 45 күн болып белгіленіп отыр. Кейбір жағдайларға байланысты, азаматтардың өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде аталған вакцинаның ІІ компонентін алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)» вакцинациясы екі кезеңмен жүргізіледі. 0,5 мл дозада I компонент, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін 0,5 мл дозада II компонент салынады.

Рекомендовать
Последние новости