Үш ауылға ауызсу тартылды

Dalanews 05 нояб. 2018 12:01 785

Биыл Бәйдібек ауданындағы үш елді мекенге таза ауыз су келіп, ауыл тұрғындары мәре-сәре болды. Жылдар бойына шешімін таппаған өзекті мәселеге республикалық және облыстық бюджеттен 525,2 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, тау етегінен магистралды суаққы құрылысы салынған болатын.

Осының нәтижесінде Теректі, Қаратас, Боралдай елді мекендегі 1684 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді.

Бөлінген қаржы есебінен магистралды суаққыдан елді мекенге дейінгі аралықта 26 шақырым су құбыры, ал ауылдың барлық көшелеріне 31 шақырымдық су жүйесі тартылды. Бұл нысандардың құрылыс жұмыстарын «НҰРАЙ ҚҰРЫЛЫС ЖОЛЫ» ЖШС-гі мен «СЕВЕР-ЮГ- УНИВЕРСАЛ» ЖШС-гі жүргізді.

Өз кезінде ауылдың төбе биі Сейіткәрім Нұржанов тұрғындар атынан жергілікті билікке алғысын айтып, бұл осында тұратын 267 отбасы үшін орасан зор қуанышты оқиға екенін жеткізді.

Жалпы аудан көлеміндегі 52 елді мекеннің бүгінгі таңға 34-і құбырлы ауызсумен қамтылған. Яғни тұрғындардың  83,4  пайызы таза ауызсуға қол жеткізген. 2018 жылы аудандағы тұрғындарды таза ауызсумен қамту мақсатында 9 елді мекенде ауыз су құрылысы жүргізілсе,   алдағы 2020-2021 жылдары ауданды толық сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости