200 мыңнан аса түркістандық Қазақстанның кәсіподақтар федерациясына мүше

Dalanews 06 нояб. 2018 07:27 728

Биылғы жылы Түркістан облысы кәсіподағының оқыту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыссыз азаматтар тегін оқыды.


Онда 200-ге жуық адам қамтылып, олар тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандық бойынша білім алып шықты. "Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжановтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы республикамыздағы ең саны көп ұйым саналады.


Оның құрамында 18 салалық кәсіпқой одақтары бойынша жалпы саны 2 миллионнан астам мүшесі бар. Олардың ішінде 221 752 адам Түркістан  облысының азаматтары.



«Жалпы кәсіподақ бірлестігі барлық сала жұмысшыларының еңбекақы және қауіпсіз жұмыс жағдайы мәселелерін, еңбек демалысын дер кезінде алу мен өзге де мәселелерді шешу үшін бірігетін қоғамдық ұйым. Мәселен, 2008 жылы облыстағы жұмыс істеп тұрған 16 000 кәсіпорынның ішінде тек 1 853-інде ғана өз жұмысшылармен келісім-шарт жасалған. Бұл – 11,6 пайыз деген сөз. Ал қазіргі таңда құрамында кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындар мен ұйымдардағы ұжымдық келісім-шарт жасасу үлесі 42 пайызды құрап отыр», - деді Берік Айдарбекұлы.




Рекомендовать
Последние новости