Ащысай ауылында кен өндіру қайта жаңғырды

Dalanews 15 нояб. 2018 11:58 1372

Түркістан облысындағы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында кен өндіріліп, дәстүрлі жұмыс жалғасын табуда.

Бұл бағыттағы жұмыстарға бүгінгі күнге инвесторлар 120 млн теңгенің қаржысын жұмсаған болатын. Ол қаржы кепілде тұрған ғимаратты сатып алуға, құжаттамаларды реттеуге жұмсалыпты. Алкен өндіруге қажетті құрал-жабдықтарға 3 млн. доллары бағытталған.

Аталған кәсіпорын 200-ге жуық адам жұмыспен қамтуда. Бұл туралы Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

– Табиғатты қорғау жайын стандарттарға сәйкестендіреміз. Бұл жұмыстардың барлығын атқару үшін уақыт керек. 25 жылға қабылданып отырған бағдарлама бойынша жоба жер қойнауындағы қазба байлықтарды игеру мақсатында жүзеге асады. Жоба бойынша 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады, – деп кәсіпорын басшысы Нысанбай Кенжебаев ойын ортаға салғаны есімізде.

Осы ретте қала басшысы жыл соңына дейін жергілікті тұрғындарды арнайы бағдарламалар бойынша оқытып, мамандықтарын сәйкестендіру жұмыстарын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости