Үржар ауданында 11 254 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Dalanews 17 сент. 2023 04:47 932

Бүгінде елімізде заңсыз алынған жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Абай облысында да қарқынды жүріп жатыр. Айталық, Үржар ауданында 11 254 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде Қазақстанның жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан және мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.

Бүгінде аталған жұмыс тобы бос жатқан жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарымен белсенді түрде айналысып жатыр.  


Айталық, жұмыс тобы Үржар ауданында жер заңнамасын бұзып немесе өзге де мақсатта пайдаланылған жалпы жер көлемі 28 мың гектар екенін анықтаған. Алдағы уақытта осы ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару ісі құзырлы орындардың қатаң бақылауда.

 

Рекомендовать
Последние новости