ҰҚК қызметкерлері ШҚО-да арнайы операция жүргізіп, ірі есірткі зертханасының үстінен түсті

Кәмшат Тілеухан 16 авг. 2025 11:51

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды. Екі күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамызда Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді", делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, 2025 жылы 13 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өткен болатын. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде премьер-министрдің өкімімен нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылғаны белгілі.


Рекомендовать
Последние новости