ҰҚК арнайы операциясы: ҰБТ-де заңсыз әрекет жасаған үш қазақстандық сотталды

Қаракөз Амантай 16 февр. 2024 11:11 3108

Қарағанды ​​мен Өскеменде Ұлттық бірыңғай тестілеуде заңсыз әрекет жасаған үш адам сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2024 жылғы 16 ақпандағы хабарламасына сәйкес қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары С, Ж және Н қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.

Олардың әрқайсына 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді. Сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.

“Сотталғандар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары үшін тергелді.

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді", делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости