"Ұстаздармен ұрысып-керісуді ғана біледі". Белгілі журналист министр Бейсембаевты сынға алды

Көркем Алдабергенова 12 февр. 2024 11:05 3801

Журналист Ербол Мұхамеджанов оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекет бюджетін тиімсіз қолданып жатқанын айтып, сынға алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Журналистің сөзінше, министр сұхбатқа шығуға келіспей жүрген көрінеді.

"Оқу-ағарту министрін сұхбатқа шақырып жүргенімізге көп болды. Бірақ біз министр УӘДЕ бағдарламасына сұхбат беріп, қарапайым сұрақтарға жауап беруден неге қашып жүргенін түсінбеппіз. Президент министрге нақты тапсырма берген болатын, бірақ өкінішке қарай, ол (министр) жай ғана форум өткізумен айналысып жүр. Ал бұл дұрыс емес, себебі премьер-министр Бектенов қаржы бойынша нақты тапсырма берген болатын. Ал оқу-ағарту министрлігі қыруар бюджетті түсініксіз нәрселерге жұмсайды.

Біз, қарапайым азаматтар, министрден білім сапасының жоғары болуын күтеміз. Одан бөлек, министр үнемі ауыл және қала мұғалімдерімен ұрысып-керісуді ғана біледі. Мұғалімдердің өзі ол (Бейсембаев) министр болған кезде оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы ІІМ мен прокуратураға арызданғанын айтады. Меніңше, ел президенті педагог статусы туралы заңды бекер қабылдаған жоқ. Егер министрліктің өзі мұғалімдерге қысым көрсетсе, заң не үшін қабылданды? Президент пен халықтың талабын орындамаса, мұндай министрдің не керегі бар?", - дейді Ербол Мұхамеджан. 

Журналистің сөзінше, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова министр 13 ай бұрын берген уәдесін орындамай жүргенін айтқан. 

"Халық қалаулыларына сұрақ: егер ол (министр) сіздерді алдап кеткенін айтқан болсаңыздар оның қайтадан сайлануына не үшін дауыс бердіңіздер? Өз сөздеріңізге өздеріңіз қарсы келіп отырсыздар. Нағыз парадокс", - дейді журналист. 

Ербол Мұхамеджан министр Бейсембаевқа уәдесінде тұрып, сұхбатқа келісуін сұрады.  


Рекомендовать
Последние новости