Алматыда лайдың астында қалған үйде егіз бала болған

Көркем Алдабергенова 08 февр. 2024 10:23 4344

Алматыда лайдың астында қалған үйде егіз бала болған. Бұл туралы Алматыда сел жүрген ауданда 30 жылдан аса уақыт тұрып жатқан тұрғын Айшагүл Ерманова айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айшагүл Ерманова ауданда лай көшкіні жүргенін қалай естігенін айтып берді. 

"Сағат 01.50-де маған хабарласып, "Айша, тұр, жер сілкінісі болып жатыр" деді. Бірден тұрып, киініп, сіңлімді оятып, далаға шықсам тау құлап жатыр екен. Қаншама көлік келді, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Біз шыққанда ТЖ қызметкерлері келіп тұр екен. Үйінді астында қалған деген адамдарды көп көрмеппін, олар кейін көшіп келген болуы керек. Дүкенге келіп тұратын, егіз балалары бар", - дейді тұрғын Massaget.kz тілшісіне.

Оның сөзінше, мұндай селдер жиі болып тұратын көрінеді. 

"10 жыл бұрын болған. Сол кезде бір әжей қайтыс болған. Бізде де қорқыныш бар. Үйде ешкім жоқ, далаға шығып кеттік", - дейді тұрғын.  

 


Рекомендовать
Последние новости