Ұлттық Банк теңгенің қатты әлсіреуіне байланысты валюталық интервенция жүргізгенін растады

Кәмшат Тілеухан 30 июл. 2025 15:07

Ұлттық Банк 30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңгеге шаққанда 1 АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсірегенін мәлімдеп, бұдан алыпсатарлық белгілер байқалғанын жеткізді. Сол себепті Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық интервенциялар жүргізуге кірісті", - деді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Құзырлы органның хабарлауынша, негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр, АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда.

"Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді", деп нақтылайды Ұлттық Банк.

Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.

Бұған дейін сайтымызда "Баға 448-ден 443-ке бір-ақ түсті". Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізді ме?" деген материал жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости