Елімізде зейнетақыны рәсімдеу процедурасын қайта қарастыру ұсынылды

Кәмшат Тілеухан 29 июл. 2025 12:06

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Үкімет отырысында цифрландыру зейнетақыны рәсімдеу рәсімін қалай жеңілдете алатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаныш Төлеушин елімізде зейнетақыны электрондық форматта рәсімдеу жобасының пилоттық режимде іске асырылып жатқанын жеткізді.

"Бұған дейін зейнетақы тағайындау процесі азаматтардың жеке қатысуын талап етіп, төлемдерді алу үшін бірқатар құжаттарды жинап, еңбек өтілін растау қажет болатын. Сонымен қатар, деректерді қағаз жүзінде өңдеу уақытты алып, кезектер тудыратын әрі зейнетақыны қолмен есептеу кезінде қателіктерге жол беру қаупін арттыратын. Бүгінде пилоттық режимде түбегейлі жаңа тәсіл енгізілді. Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады, еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азамат тарапынан өтініш түспестен төлемдерді белсенді түрде тағайындайды", – дейді вице-министр.

Оның айтуынша, мұндай тәсіл қызмет көрсету мерзімін 10-нан 1 күнге дейін қысқартуға, рәсімдік қадамдар санын 6-дан 1-ге дейін азайтуға және азаматтар үшін процесті айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жобаны масштабтауды қарастыруды ұсынады.


Рекомендовать
Последние новости