Бүгін, яғни 2025 жылы 30 шілдеде қор биржасындағы сауда-саттықтағы 1 АҚШ долларының құны 549 теңгені иектеп, нарыққа қатысушылар жаңа деңгей - 550 теңгені асыға күткен еді. Алайда, жағдай керісінше сипатқа ие болды. Бірнеше минут ішінде 1 АҚШ долларының құны 548,45 теңгеден 543,10 теңгеге дейін нығайды. Экономист әрі "Комментарий" Telegram арнасының авторы Эльдар Шамсутдинов Ұлттық Банктің валюталық интервенция жүргізгенін айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"USD/KZT бағамы бірнеше минут ішінде 548,45 теңгеден 543,10 теңгеге дейін нығайды. Реттеушінің ресми мәлімдемесінен кейін нарық "жалп" етті, 548 теңгеден жоғары ұсыныстар лезде жойылды, сатушылар қарсылық көрсетпестен көлемді шегерді. BID-де 545,00 теңгеге 2 млн және 543,50 теңгеге 1,23 млн доллар бойынша қолдау қалыптасты. Осылайша ҚР Ұлттық Банкі біржақты алыпсатарлық іс-қимылды шалт тізгіндеуге дайын екендерін көрсете білді. Әсері бірден болды, нарық суып, сатып алушылардың белсенділігі күрт төмендеді, ақша бағамы да одан әрі өсуін тоқтатты", делінген "Комментарий" Telegram арнасындағы жазбада.
Соған қарағанда жуық арада Ұлттық Банк өкілдері де ресми мәлімдемемен БАҚ алдына шығып қалуы керек.