Freedom Inside '26

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар көз жұмды

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар көз жұмды
kursiv.media

Әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, кейін бірінші топтағы мүгедектікке шыққан Ербаян Мұхтар қайтыс болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қаралы хабарды оның анасы Гүлсім Қамиева жеткізді. Соңғы айларда Ербаян Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығында ем қабылдап жатқан болатын.

Еске салсақ, Ербаян Мұхтар әскерде жүріп ауыр жарақат алғаннан кейін ұзақ уақыт бойы өмірі үшін күресті. Оның денсаулық жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырып, қазақстандықтар әскери бөлімде болған оқиғаның ақиқатын ашуды, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен еді.

Ербаянның тағдырына бейжай қарамаған мыңдаған қазақстандық ем-домына қаржылай көмек көрсетіп, оның сауығып кетуіне үміт артқан болатын.

Марқұм соңғы уақытқа дейін дәрігерлердің бақылауында болып, күрделі ем қабылдады. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Dala News редакциясы Ербаян Мұхтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.