ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 77 ЖЫЛ

Dalanews 09 мая 2022 13:28 903

Қазіргі таңда Алакөл ауданында Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен 220 тыл еңбеккерлері бар. Осыған орай, аудан әкімі А.Абдинов Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ауданға қарасты Қабанбай ауылының тұрғыны 85 жастағы Тұрдыхан Орманбекова мен 87 жастағы Үшарал қаласының тұрғыны Гүлшара Ахметбаеваны арнайы құттықтап қайтты.



Тұрдыхан Орманбекова – 1937 жылы 1 қаңтар күні Алакөл ауданы Кеңес ауылында дүниеге келген. Сұрапыл соғысы кезінде қырманда еңбек еткен Тұрдыхан апамыз бүгінде төрт баладан бес немере, он шөбере сүйіп отырған аяулы ана. Артынша аудан басшысы төрт перзенттің қызығын қызықтап отырған Үшарал қаласының тұрғыны ардақты Гүлшара анамызды мерекесімен құттықтап, болашақ ұрпаққа мығым денсаулық тілеген ардагерлерге бүгінгі бейбіт өмір мен мамыржай тіршілік үшін алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.



Ардагерлерімізде өз кезегінде өткен–кеткен естеліктерімен бөлісіп, ел амандығын тілеп, ақжарма тілектерін айтып, өнегелі баталарын берді.

Айта кетерлігі, келер ұрпақ үшін жан аямай майдан даласында тер төккен тыл ардагерлерімізге ауданымыздың мәслихат депутаттары мен бөлім – мекеме басшылары және жеке кәсіп иелері де құрмет көрсетіп, сый–сияпаттарын табыстап, мерейлі мерекелерімен құттықтауда.

Касиет Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы


Рекомендовать
Последние новости