"Ұлы дала алтыны" халықаралық көрмесін 25 мың адам тамашалады – The Guardian

Dalanews 09 мар. 2022 09:10 907

ШҚО әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Ұлы дала алтыны» халықаралық көрмесі 2021 жылы әлемдегі ең үздік бес көрменің қатарына енді.

Бұл бүкіл әлемдік тарихи қоғамдастық үшін айтулы оқиға болды. Айта кеткен жөн, бұл көрме Ұлыбритания халқына өшпес әсер қалдырды.

«Аполлон» халықаралық беделді өнер журналы 2021 жылғы әлемдегі ең үздік бес көрмені анықтады. Оның ішінде «Ұлы дала алтыны» да бар. Бұл кездейсоқ жеңісіміз емес, нақты факт.

Көрмеде ұсынылғандардың ішінде Шығыс Қазақстаннан алынған жәдігерлер көшпелілер өркениетінің ежелгі қазынасы болып табылады.

Көрменің Ұлыбританияны нағыз дүр сілкіндіргенінде үлкен жатыр.



Өйткені, біздің білімді археологтар материалдарды мұқият жинап, дайындаған 15 мың артефакті ежелгі сақтардың – қазіргі шығысқазақстандықтардың ата-бабаларының тарихында мүлде жаңа беттерді ашты.

Қазыналар жасы үш мың жылға жуық. Бірақ, қызық тек бұл ғана емес.



Осылайша, The Guardian газеті экспозицияға 5/5 деген баға беріп, оны «тамаша» деп бағалады. Telegraph газеті (ай сайынғы орташа есеппен айына 12,2 миллион адам) оны 4/5 деп бағалап,  «керемет» деп таңқалысын білдірді.



«Бұл бірнеше ай бұрын ғана табылған нысандардың арқасында әлем тарихын қайта жазудың ерекше мүмкіндігі. Кембриджде біз үшін ең маңыздысы жәдігерлердің өзін ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда қолданылған бүкіл археологиялық үдеріс пен сараптаманы көрсету», - деді Фицвильям мұражайының директоры Люк Сайсон көрменің ашылуында.

Айта кету керек, бұл Еуропада бірінші рет ұйымдастырылып отырған шара – «Ұлы дала алтыны» жұртшылық арасында шынайы қызығушылықты тудырды, өйткені көрмеге 25 мыңнан астам адам келіп, тамашалады. Беделді еуропалық басылымдар көрменің таңғаларлық әсер қалдырғанын атап өтті.



Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көрменің ашылуына арнайы өзі қатысты.

Айтуынша, экспозицияда бабалар қолынан шыққан шынайы жауһарлар ұсынылғанын және бұл туындылар ежелгі сақтардың көшпелі шаруашылық саласында қайталанбас мәдениеті мен терең білімі болғанын дәлелдеген.



Облыстық музей қоры 26 мың бірегей жәдігермен толықты, олардың бір бөлігі «Ұлы дала алтыны» экспозициясында қойылған.



Айта кету керек, 2022 жылы Шығыс Қазақстанда археологиялық жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Рекомендовать
Последние новости