Украинаның бұрынғы премьер-министрі Яценюкті ұстау туралы үкім шықты

Dalanews 28 мар. 2017 04:38 863



Ессентуки соты Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюкті қамау туралы үкім шығарды.





2015 жылы Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин 1994–1995 жылдары Шешенстандағы бірінші соғыс кезінде Яценюк шешен жікшілдерімен бірге федералдық әскерге қарсы күрескен деп мәлімдеді. Украиналық саясаткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. 2017 жылы 21 ақпанда ресейлік билік Яценюкті халықаралық іздеуге берді.
Арсений Яценюк Ессентуки сотының шешімін "ақылға қонымсыз" деп атады. Оның пікірінше, "Кремль украиналық саясаткерлерді қудалаудың құқықтық механизмдерін іздестіріп жатыр".

1995 жылы Яценюк 21 жаста еді. Бұл жылдары ол украиналық Черновцы қаласындағы университетте оқитын. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бұған дейін Украиның бұрынғы премьер-министрінің бірінші шешен соғысына қатысқаны туралы білмейтінін мәлімдеген еді.



Рекомендовать
Последние новости