Түрмеден шыққан блогер бір күнде миллионер болды

Көркем Алдабергенова 19 сент. 2024 14:44 6390

Түрмеден шыққан TikTok-блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

18 қыркүйекте блогер TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, үш рекорд орнатқан. 

Әбділдә, біріншіден, TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд орнатқан. Блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған. 

Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд. 

Үшінші рекорд - Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен. 

Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге. 

Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған.

Биыл 9 қыркүйекте блогер мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.  


Рекомендовать
Последние новости