Түркиядағы қазақтар Тарбағатай ауданына гуманитарлық көмек көрсетті

Dalanews 19 июл. 2020 08:59 997

Түркиядағы қазақ диаспорасы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы дүниежүзілік қазақтарды біріктіретін  «Отандастар»  қорының атынан гуманитарлық көмекті Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатқа Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» төралқа мүшесі Серкан Динчтүрк  жеткізіп берді.


  19 қорапқа салынған құны 5 миллион теңге болатын гуманитарлық көмекте тыныс алу аппараты, маска, халат және медициналық қорғаныс құрал-жабдықтары бар. Түркиядағы қазақтардың атынан келген көмек  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты ірі мегополистергеде жіберілген болатын.



«Түркиядағы және Еуропадағы тұратын қазақтар осындай бүкіл әлемде болып жатқан қиындық кезінде атамекеніміз, өз ата жұртымыз Қазақстанға қолымыздан келгенше көмек беруді жөн санадық.


Осылайша, гуманитарлық көмек жинап Түркиядағы Қазақстан елшілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Отандастар» қорының көмегімен  осы елге жеткіздік.


Алдағы уақытта Түркиядағы қазақтар тағы көмек беретін болса, тағыда әкелуге тырысамыз. Біздің бар тілегіміз әкелген көмегіміз коронавирус инфекциясын жеңуге көмектесетініне үміттенеміз»,-деді гуманитарлық көмекті жеткізген Серкан Динчтүрк.



  Түрік еліндегі қандастарымыздың ыстық ықыласы мен жіберген көмектерін аманат етіп алып келген Серкан Данчтүркке аудан басшысы Серікқазы Құсайынұлы зор алғысын жеткізіп, бауырлас Түркия елінің бұл қадамы коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі екендігін айтып, құрметпен иығына шапан жапты.


ҚУАНЫШ РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ


Рекомендовать
Последние новости