Түркиядағы президенттік сайлау – жеңімпаз екінші кезеңде анықталады

Dalanews 15 мая 2023 02:51 942

Төрткүл дүние көз тіккен Түркиядағы президент сайлауы мәресіне жетті. Бұл жолғы сайлауда Ердоғанның басты қарсыласы Қылышдароғлы болғанын бәріміз білеміз. Сонымен Ердоған сайлаушылардың 48 пайыз дауысын жинаса, Қылышдароғлыға халықтың 44 пайыз дауыс берді. Осылайша додада қара үзіп шыққан екі саясаткер екінші турға өтті.

Президенттік сайлаудың екінші кезеңі 28 мамырда өтуі тиіс. Оған дейін 2 апта уақыт бар.

Осы ретте Ердоған билікте жиырма жыл. Ол түріктің бар билігін уысына мықтап ұстаған адам ретінде тарихта қалатыны анық. Сайлаудан кейін сұхбат берген Ердоған:

– Сайлаудың көрсеткіштерге қарамастан Түркия халқы жеңімпаз атанды. 14 мамырдағы дауыс беру еліміздің сайлау үдерістері тарихындағы ең жоғары белсенділік танытқан науқан болды. Бүкіл саяси қызметімізде біз халықтың еркіне құрметпен қарадық. Біз ағымдағы сайлауда да, одан кейінгі барлық сайлауда да сайлаушылардың пікіріне құрметпен қарайтын боламыз.


Дауыстардағы айырмашылық шамамен 2,6 миллион біздің пайдамызға шешілді. Соңғы нәтижелер бұл алшақтықты арттырады. Сондықтан біз бірінші турында жеңіске жету мүмкіндігіне әлі де сенеміз.

Егер халық екінші турдың пайдасына таңдау жасаса, біз бұл шешімді қабылдауға дайынбыз, – деді Түркия басшысы.

Осылайша Ердоған президенттік сайлауда өзің кандидатурасын қолдаған 27 миллион сайлаушының әрқайсысына ризашылығын білдірді. «Сонымен қатар, мен сайлауға келген 56 миллион сайлаушыға алғысымды білдіремін» деді саясаткер.

Рекомендовать
Последние новости