Түркістанға миллионыншы турист келді

Dalanews 01 нояб. 2018 02:45 807

Осыған орай аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев облыс орталығына келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады.

Сондай-ақ, Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Киелі өңірдің туристік әлеуетін арттыру мәселесі облыс орталығы Түркістанға көшкелі бері одан сайын өзекті бола түсті. Түркістанның туристерді таңғалдырар тарихи орындары мен мәдени мұрасы әлемге танылса бұл сол өңірге ғана емес, тұтас мемлекеттің туристік мүмкіндігі мен экономикасына оң әсерін тигізер еді. Қазіргі туризмді шикізаттық салаға қарағанда түсімді, тартымды бизнес көзі.

Күні кеше Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді. АҚШ азаматтары сонау Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыптылар Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі Ясауи кесенесі алдынан күтіп алды.


Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч Америка азаматтары Орта Азия елдері ішінде Түркістанға жиі келетіндерін жеткізді.

«Түркістан – Орта Азия мемлекеттері ішіндегі тарихқа бай, киелі мекендердің бірі ғой. Біз Түркістан туралы көп естідік. Біздің елдің азаматтары осы қасиетті қалаға жиі келеді. Біз Түркістан қаласы мен Ясауидің тарихымен хабардармыз. Қазақстанға, Түркістан өңіріне келгелі қазақ халқының қонақжайлығы мен дарқандығына куә болдық. АҚШ-қа барғаннан кейін ондағы отандастарымызға осы құндылықтарыңызды жеткізіп, келесі жылы арнайы тағы ат басын бұрамыз», - деді Уильям Брэнч.

 

Рекомендовать
Последние новости