Түркістандағы медицина ұйымдарының техникалық базасы нығайып келеді

Dalanews 23 нояб. 2018 07:00 934

Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуіне жол ашып отыр. Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті. 

Оның атап өткеніндей облыста «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының көрсеткіштері бойынша өткен жылы денсаулық сақтау саласында нәтижелі жетістіктерге кол жеткізілді.

Бұдан бөлек ол Президент тапсырмасына сәйкес, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өңірдегі жүзеге асырылу барысын егжей-тегжейлі баяндап, биылғы жылы медицина саласы бойынша межеленген  негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті.  


– Түркістан облысы денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік бағдарламаларының негізгі нәтижелі көрсеткіші бойынша бүгінгі күні бесінші орында. Соның ішінде нәресте өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға төмендеді. Бұл бойынша республикада 8 орында болсақ,  ана өлім-жітім көрсеткішімен облыс елімізде 9 орында. Ал туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 33,3 пайызға төмендеген. Бұл нәтижелі жұмыстар мемлекеттік бағдарламалардың аясында жасалған жұмыстардың жақсы көрсеткіші деп білемін,- деді Мұқан Егізбаев.  Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы медицина ұйымдарының жабдықталуы 65 пайыздан асқан.

"Ағымдағы жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуына 8,1 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып отыр", – деді ол.

Рекомендовать
Последние новости