«Мемлекеттік қызметтің 736 түрінің 546 -ы осы халыққа қызмет орталықтарында көрсетіледі. Егерде бұрын бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасасақ, бүгінде бір өтініш принципі бойынша қызмет көсретудеміз. Келген азаматшаға бір өтініш бойынша туу туралы куәлік, күтімі жайлы құжат және кезекке де қоямыз. Бұл жаңашылдық бойынша біз ТМД арасында көш басындамыз. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында электронды форматта қызмет алуға болады», – деді өз сөзінде Мәди Аманжол.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалы қарқынды жұмыс режиіміне көшкен.
Филиал құрамындағы 25 фронт-офис пен 34 бэк-кеңселерде мыңнан астам маман халыққа қызмет көрсетеді. Бір анықтама үшін талай табалдырықты тоздыру өткеннің еншісінде екенін ұғындырғандар мұндай акцияларды жиі ұйымдастыруға бел байлап отыр.
«Жұлдыздың халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» акциясы мемлекеттік корпорацияның барлық филиалдарында өтіп жатыр. Өнер майталмандары мен спорт шеберлері Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында электрондық қызметтерді халық арасында кеңінен насихаттап жүр.