Түркістанда ұйымдастырылған түнгі рейд барсында кәмелеттік жасқа толмаған жастар ойынханаларда ұсталды

Dalanews 10 мая 2023 04:11 1668

Түркістан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 2 мыңнан астам бала түнгі рейдтік іс-шаралар кезінде ұсталған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасын жиі өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Мақсат – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу.

Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық полиция департаментінің ЖПҚ орынбасары, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов, облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, сондай-ақ қалалық Полиция басқармасының жеке құрамындағы 35 қызметкер мониторингке қатысты.

Түнгі сағат 22.00-де Есім хан алаңында басталған рейдтік шара «Отырар» мөлтек ауданы аралығын қамтыды. Комиссия мүшелері екі топқа бөлініп, бірқатар ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар мен мейрамханаларға аралау жүргізді.


Нәтижесінде ойынханалар мен мейрамханаларда кәмелетке толмаған балалар анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, тіркелді.

16 мекеме иесі сағат 22.00-ден кейін жасөспірімдерді заңды өкілінсіз кіргізуге жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылып, тиісті шаралар қолданылды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір көлемінде жедел профилактикалық рейдтік іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді. Атап айтқанда, көшеде және басқада қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу жұмыстары атқарылады.

Рекомендовать
Последние новости