Тоқаевты Мәскеудегі парадқа баруға кім үгіттеді? Украиналық саясаттанушы шындықты жайып салды

Dalanews 10 мая 2023 04:53 1073

Күні кеше ғана Мәскеуде Путиннің парады жетім қыздың тойындай болып өткеніне куә болдық. Бұл жолы шеруге әскери авиация қатысқан жоқ. Қызыл алаңда сап түзеп өткендердің басым бөлігін курсанттар құраған.  Орынсыз жерден Украинаға соғыс ашып, айдай әлемге сүйкімі кеткен Путиннің қадірі қашып, айбарынан айырылғанына осы жолы тағы да көзіміз жетті.

Жалпы Қызыл алаңда өткен әскери шеруге санаулы күндер қалған кезде тек Қырғызстан президенті Сапар Жаппаров қана парадқа баратынын ашып айтқанын білеміз.

Керек десеңіз, қиын қыстау кезеңде Путиннің жанынан табылатын Белорусь басшысы Александр Лукашенко да парадқа қатасып, қатыспайтынын соңғы уақытқа дейін ашып айтпай келді.

Сол сияқты Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Армения басшыларының о бастан Путиннің әскери парадына қатысуға құлқы болмағаны анық. Сол себепті олар Мәсекеудегі парадқа қатысатыны жайында ләм-лим деп ауыз ашпады.


Бірақ дәл әскери шеру өтетін күні Орталық Азия басшыларының Мәскеудегі әскери парадқа қатысатыны белгілі болды.

Осы ретте көпшіліктің көкейінде Орталық Азия елдері мен Арменияның басшыларын Мәскеудегі парадқа қандай құдіретті күш жетектеп барды деген сауал туындатйтыны анық.

Осылай бас қатырғанымызда «Укрлайф» Ютуб аранасына сұхбат берген украиналық саясаттанушы Владимир Фесенко біраз шындықтың бетін ашты. Саясаттанушы Орталық Азия елдері басшыларының парадқа қатысуына Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Иран президенті Эбрахим Раисидің қатысы болғанын айтты.

– Путин әскери парадқа өзге елдің басшыларының қатысқанын қатты қалады. Ол бірінше кезекте посткеңестік елдердің басшыларын парадқа қатыстыруды ойлағаны анық.

Мәселен, ол өзінің жеке шақыртуымен әскери шеруге Қазақстан, Өзбекстан және Армения басшылары келмейтінін білді. Өйткені, соңғы уақыттары Қазақстан мен Армеияның басшылары Путиннен іргесін аулақ сала бастағаны белгілі. Сондықтан оларды пардқа келуге құлқы да, ниеті де болмады.

Бұл іске Қытай басшысы Си Цзиньпин араласпағанда Орталық Азия басшылары Мәскеуге бармас еді. Осы парадтан кейін Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдерінің форумы өтетіні белгілі. Ал оған Орталық Азия елдерінің басшылары толықтай қатысады.  


Ал Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинянның Мәскеуге келуіне ресми Тегеран ықпал еткені анық. Ал осы топтан қалмау үшін ауырып жатса да Белорусь басшысы Луакшенко парадқа қатысуға мәжбүр болды.

Әскери шеру кезінде Қазақстан мен Армения басшылары георгий лентасы кеудесіне тақпай, бұл шеруге амалсыздан келгендерін көрсеткендей болды, – дейді Владимир Фесенко.

Иә, айтса айтқандай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинянның кеудесінен георгий лентасын көрмедік. Олар мейлінше Путиннен қашық жүруге тырысты.

Бұл енді Путиннің Қызыл алаңдағы соңғы парады болуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости