Түркістанда "Туған жер" жобасы арқылы 97 нысан іске қосылды

Dalanews 23 дек. 2018 04:41 868

 Елбасымыз   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер»  арнайы жобасын ұсынған болатын. Бүгінде осы жоба аясында  Түркістан облысында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қуанарлығы, «Туған жер» бағдарламасына кәсіпкерлердің ықыласы арту үстінде. Мемлекет басшысының «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген ұстанымын үлгі тұтқан кәсіпкерлер мен ел азаматтары түрлі нысандардың құрылысына демеушілік жасап, туған өңірді гүлдендіруге белсене кірісіп кетті.

Нақтырақ айтсақ, биыл Түркістан облысында «Туған жер» арнайы жобасы бойынша демеушілердің көмегімен 97 нысан іске қосылды.

Аяқталған 97 нысанның  28-і білім мекемелерінің құрылысы болса,  3 ғимарат қайта жөндеуден өткізілген. Сонымен бірге, 2-і медицина мекемесі, 12 спорт нысаны ашылса, 2 спорт алаңы жөнделді. 15 мәдениет нысаны пайдалануға беріліп, мен 5 қайта жөндеуден өткізілсе, абаттандыру бойынша  30 жоба іске асырылған.

Бұдан бұрын Түркістан өңірінің әкімі Жансейіт Түймебаев "Туған жер" бағдарламасының әрбір азаматтың өскен өлкесін түлетуде өзіндік орны бар жобаны екенін тілге тиек етіп, өңірдегі барша кәсіпкерлерді аталған бағдарламаға белсене қатысуға шақырған болатын.


Рекомендовать
Последние новости