Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан құрылтай, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған делегаттардың басын қосты. Жиналған қауым алдында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев баяндама жасап, келелі басқосудың маңыздылығына тоқталды.
Жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның жаңа Жарғысы қабылданады. Қоғамның жаңа президенті болып ұлтжанды азамат Берік Әбдіғалиев сайланды.
Сонымен қатар орталық тексеру алқасының есебі тыңдалып, Орталық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды. Бұдан өзге Қоғамның жаңа бағдарламасы мен құрылтай қаулысы қабылданғанын айта кетуіміз керек. Ұйым жұмысына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар да марапатталды.