Түркістан облысында азық-түлік бағасы бақылауда

Dalanews 19 мар. 2020 07:42 927

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістандағы «Қуаныш» орталық базарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді. Жұмысшы топ құрамында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы, орталық базар басшылығы және БАҚ өкілдері болды.

Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Мониторинг барысында базардағы азық-түлік бағасы тексеріліп, тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды. Базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу жөнінде айтылды. Мемлекетіміз қауіпті дертпен күресіп жатқан сәтте ел азаматтары бір-бірін қолдап, адамгершілік сақтауы тиіс. Азық-түлік бағасының өспеуі «Nur Otan» партиясы мен облыс әкімдігінің тікелей бақылауында болады.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 72 базар бар. Оның ішінде 14-і мал базары, болса, 4 автокөлік және 54 әмбебап базар халыққа қызмет етеді. Ал Түркістан қаласында 8 базар жұмыс істейді. Оның үшеуі – әмбебап базарлар.


Түркiстан облысында төтенше жағдайға байланысты сауда нысандары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, жұмыс істеу уақытын сағат 10-нан 18-ге дейін шектеді. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек оралған күйінде сатылуы тиіс.

Облыс орталығындағы «Əзиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылардың саны қалыпты, жасанды азық-түлiк тапшылығы жоқ.

Бүгінгі күнге облыс аумағындағы қоймалар мен ірі сауда нысандарында 19 атаулы тауардан 30 878 тн. сақталуда. Бұл көрсеткіш күнделікті өзгеріп тұратыны белгілі. Жалпы азық-түлік қоры жеткілікті.

Рекомендовать
Последние новости