Жәкішев бостандыққа шықты

Dalanews 19 мар. 2020 04:59 820

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетелік 3 наурыз күні  Семейде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты соты отырысы өтті.

Сот отырысында Жәкішев болмады, ол түрмеден видеобайланысқа шықты.

– Бұл – шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға берілген өтініш бойынша қаралып жатқан үшінші сот ісі. Бұл шешімді қарастырып жатқан сот биліктің маңызды тармағы және қоғамның өкілі деп санаймын... Мені қолдауға келген көп адамдарды көріп тұрмын. Осы адамдарға және елімнің жалпы қолдауына сүйене отырып, сіз өз сұрақтарыңызға (сотталушының қауіптілігі туралы – ред.) жауап ала аласыз деп ойлаймын, – деген еді.


«Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім – Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар маған қолданылса деймін», – деген еді Мұхтар Жәкішев.

Бүгінде Мұхтар Жәкішевті қолдаушылар түзеу мекемесінің алдына жиналып, оның бостандыққа шыққанын күтті.

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шыққан бетінде жиналған қолдаушылармен аз ғана уақытқа кездесіп, өзіне қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді.

Рекомендовать
Последние новости