Түркістан облысында «7-20-25» бағдарламасы қарқынды іске асуда

Dalanews 07 июл. 2018 05:38 959

Елбасының халыққа үндеуінің бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Оның жалпы аумағы – 18,6 мың шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер 2019 жылы пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.

Сонымен қатар, 2018 жылы облыста 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 млрд.теңге қаралған. Жыл соңына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таңда 11 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Қалған 101 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.

Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан 2019 жылға өтпелі. Мәдениет саласында 2 мәдениет үйі мен 1 мұражайға қосымша нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда 2 нысан пайдалануға берілген. Спорт саласында 3 нысан құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости