Түркістан облысында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді

Dalanews 14 февр. 2020 07:05 831

Түркістан облысына экономиканың негізгі драйвері болып саналатын 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз республикада 2 орында. Бүгін бұл туралы халық алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. 

Өңір басшысы 2019 жылға бизнесті қаржыландыру көлемі 74,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16,5 млрд. теңгеге артқандығына да тоқталды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 5 мыңнан астам шағын орта кәсіпкерлік жобалары мен 42 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылған.

– Инвестицияларды тарту Мемлекет басшысының Жолдауында қойған негізгі міндеттері бірі болып табылады. Жобаларды іске асыру бойынша атқарылған маңызды әрі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аймаққа 441,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 38,5%-ға артты.  Оның ішінде 61,6 млрд теңге сыртқы инвестицияларға бағытталып, үлесі 14  пайызды құрады. Өңірде 9 индустриалдық аймақ пен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Арнайы экономикалық аймағы 3 014 гектарды құрайтын 5 субаймаққа бөлінген, – деді Өмірзақ Естайұлы.


Инвестиция тартуда аудан, қалалардың ішінен 2020 жылы Келес ауданындағы ресейлік «Эко-Культура Агрохолдинг компаниясы» құны 450 млрд.тг. жуық болатын  инвестициялық жобаға аумағы 500 гектар жерге өндірістік жылыжай құрылысының басталуы күтілуде. Бұл инвестициялық жоба тұрғылықты халықты алдағы 5 жылдықта 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен қамтиды деп көзделуде.

 

Рекомендовать
Последние новости